Главная » 2016 » Май » 9 » Ырсымбет бабамызды еске алу асы берілді
14:48
Ырсымбет бабамызды еске алу асы берілді

8-ші мамыр күні, яғни кеше көктемнің мамыражай және тамаша күні Ырсымбет бабамызды еске алу асы берілді. Ас Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылында Ырсымбет атамыздың кесенесінің қасында өткізілді. Асты Ырсымбет бабамыздың Астана қаласындағы ұрпақтары, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Арыс қаласының құрметті азаматы - Тәукебаев Серік Шәуенұлының бастауымен ұйымдастырылды. 

Бұл күні қонақтарға тек ас қана беріліп қойған жоқ, сонымен қатар Ырсымбет атамыздың атынан өзіміздің ұлттық қазақша күрес спорт түрінен турнир өткізіліп, жастар жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, оқушылар арасынан айтыс ұйымдастырылып, олардың арасынан да сөзге жүйрік болып шыққан өнер өрендері ақшалай сыйлықтарға ие болып, өздерінің жас болғандықтарына қарамастан өнерлерімен халық ықыласына жылы бөленіп жатты. 

Осы асты ұйымдастырушылар тарапынан еңбектерін ерекше ескере кететін тағы да бір сауап амалдары бар. Серік ағамыздың бастауымен Отырар аудандық театр әртістерінің көмегімен көрініс қойылып, Сүйіліш бабамыздың тарихына қайта көз салып, өсіп келе жатқан болашақ ұрпағымызға өз тарихымызды жүз рет естіргенше бір рет көрсетіп кеткендей болды.

Ұйымдастырушыларға көп алғысымызды айта отырып, ниетіттерінің қабыл болғандығын шын жүрекпен тілейміз.

ИншАллах келесі жылы ас беруді Түркістан қаласында тұратын Ырсымбет атамыздың ұрпақтары жоспарлап отыр.

Просмотров: 545 | Добавил: IL$ | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: