Қоңырат Жетімдер руының шежіресі - Тәліп Орманбекұлы

Тәліп Орманбекұлы (шежіредегі орны) Шәуілдір ауданы, Шеңгелді ауылының тумасы. Ол 1922 жылы дүниеге келген. 
Шәуілдір ауылында жеті жылдық білім алып, 1939 жылы Ташкент қаласындағы 2 жылдық арнаулы заңгерлер дайындайтын мектепті бітіреді. 
1941 жылдың соңында Совет армиясының қатарына шақырылғын. Қысқа мерзімде дайындық курсынан өтіп, майданға аттанған. Әскери борышын 1942 жылдың қатарында №29 армияның 216-шы запастағы атқыштар полкында қатардағы жауынгар болып бастаған. Кейіннен танкке қарсы артиллерия тобының командирі болады. Курс, Орловск, Сталинград, Москва түбіндегі шайқастарға қатысып, сол шайқаста ауыр жараланып, көптеген жарақаттармен госпиталға жіберіледі. Ұлы отан соғысында көрсетілген ерен еңбектері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «I-дәрежелі Ұлы отан соғысы» және т.б ордендермен марапатталған. Соғыс аяқталған соң еліміздің прокуратура саласында кіші прокурорлық қызметін атқарады. 1952-1953 жылдары білім жетілдіру мақсатында Харков қаласында жоғары білім алды. 
1953-1955 жылдары Алматы облысы Кеген, Шонжар аудандарында прокурор болып қызмет істейді. Жұмыстан қол үзбей жүріп оқуды сырттай жалғастырды. 60-жылдары ҚазМУ-дің заң факультетін сырттай бітірді. Соңғы жұмыс орны Алматы облысы, Қапшағай қаласының прокуротурасында 35 жыл қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты. 
2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп немере, шөбере сүйді. 1996 жылы қайтыс болды. 
Қапшағай қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қойылған мемориал-ескерткіште есімі мәңгілікке жазылған. Оның ұл-қыздары қазіргі кезде Алматы, Қапшағай қалаларында тұрып жатыр.