Қоңырат Жетімдер руының шежіресі - Шежіреге тапсырыс

Қазақта жеті атасын білу тек қана өз тарихынды білу ғана емес, сонымен қатар, тектілік пен ұрпақтың болашағына тікелей байланысы бар білім. Сондықтан ұзақ уақыттан бері ата-бабамыз қағаз бетіне түсіруге әрекет етіп келген, қағаз бетіне түспегенін ойларына сақтап, әкеден балаға естелік ретінде айтылып отырған. Қазіргі техниканың дамыған заманында шежіренің барлығы кітап түрінде кездеседі, ал програмисттердің еңбектерінің арқасында өте сирек те болса шежіренің бағдарламалары да саусақпен санарлықтай бар. Ал, шежіренің веб-сайт немесе портал түріндегі нұсқасы әлі күнге дейін жасалмаған. Жасы үлкен кісілер шежіренің кітап түріне үйреніп қалғанын ескергеннің өзінде, кітап шежіре қазіргі заманға сай емес, оның есесіне веб-сайт шежіренің мүмкіндіктері және артықшылықтары кітап шежіреге қарағанда өте көп. Веб-сайт шежіренің артықшылықтарын айтып кетейік:

  1. Мәліметтерді іздеудегі жылдамдық әрине веб-сайтта максималды түрде жоғары, тек қана «Іздеу» алаңшасына қажетті сөзді жазсаңыз болғаны, 1-2 секунд ішінде тауып береді. Ал кітапта қажетті мәліметтерді қалай іздейтінін жақсы білетін боларсыз, бірінші мазмұнына қарайсыз, қажетті бетті табасыз, кейін қажетті азат жолының ішінен керекті атаңыздың немесе өзіңіздің есеміңізді іздеп табасыз.
  2. Мәліметтерге максималды қолжетімділік, яғни веб-сайт шежіре бір рет жасалғаннан кейін ондағы мәліметтермен танысушылар Қазақстанның немесе жер бетінің кез келген нүктесінен кірулеріне болады. Айталық, шежіре кітап 100 дана болып шықты, ол дегеңіміз шежіреге 100 ғана отбасы ие болады, ал сайтқа кірушілер саны ешқашан шектелмейді. Веб-сайт шежіре кітап секілді таралымға тәуелді емес және бір тәулікте 24 сағат, бір жылда 365 күн тоқтаусыз жұмыс істейді.
  3. Мәліметтердің сыйымдылығы, бұл дегеніміз шежіре кітапта бір шектеу, мысалы, 500 бет және 700 бет дегендей қандай да бір шектеу болса, веб-сайт шежіреде мұндай шектеу жоқ, яғни қандай көлемдегі мәліметтер болса да ешбір шектеусіз кіргізуге болады. Сонымен қатар, кітапқа толықтырулар енгізілсе, қайтадан кітапты басынан басылым арқылы қыруар қаражат жұмсап шығарады. Веб-сайт шежірде болса, тек қана келген жерінен әрмен қарай мәліметтерді жаңартып және толықтырып отыра бересіз.
  4. Мәліметтерді өзгерту, бұл да алдыңғы тармақшада айтып кеткендей, бүкіл шежіреде толықтырулар және өзгертулер өте көп кездеседі, сондықтан кітап шежіреге өзгеріс енген кезде, кітапты басынан басылым арқылы қыруар қаражат жұмсап шығаратын болсақ, сайтта тек қана қажетті жерді өзгертсек жеткілікті.
  5. Салынатын мәліметтердің форматы, кітап шежіреде тек қана текст және көбіне қара-ақ түсті сурет салынады. Ал веб-сайт шежіреге кез келген форматтағы мәліметтер салынады, оның ішінде кітапқа ешбір салуға келмейтін форматтар: аудио, видео, анимация, спутниктік онлайн карта, слайд презентациялар және басқа.
  6. Масштабты өзгерту, кітап шежірені көзі нашар көретін азаматтар үшін оқу қиынға соғып, тек көзілдірікпен көретін болса, веб-сайт шежіреде масштабты 10-400%-ға дейін өзгертуге болады. Көзіңіз нашар көретін болса еш уайымдаудың қажеті жоқ, керекті мәліметтерді өз көзіңізбен көре аласыз.
  7. Кері байланыс, кітап шежіреде өзгеріс енгізу үшін міндетті түрде оның авторын тауып, онымен жолығу қажет, іздеп уақытыңызды жоғалтасыз , ал веб-сайт шежіреде өзгеріс енгізу үшін кері байланыстың барлық түрін орналастыруға болады, мысалы: форум, комментарий, хат және басқа. Сонымен қатар, веб-сайт шежіренің кітап сияқты ешқандай географиялық шектеуге ие емес, яғни АҚШ немесе Австралия болсын, веб-сайтқа байланысқа шыға алады.

Қажетті мүмкіндіктер немесе ескеретін жағдайлар

Шежіре кітап

Веб-сайт немесе портал шежіре

1

Мәліметтерді іздеудегі жылдамдық

1-10 минут

2-3 секунд

2

Мәліметтерге максималды қолжетімділік

Таралымға байланысты

Әлемнің кез келген нүктесі

3

Мәліметтердің сыйымдылығы

Физикалық мүмкіндікке байланысты шектеу бар

Ешбір шектеусіз

4

Мәліметтерді өзгерту

Басылымнан қайта шығару, қаражаттың үлкен шығыны

Тек қана қажетті жерді ғана өзгерту, минималды қаражат шығыны

5

Салынатын мәліметтер форматы

Текст, қара-ақ түсті суреттер, сирек те болса түрлі-түсті суреттер

Кез келген формат: текст, түрлі түсті суреттер, аудио, видео, анимация, спутниктік онлайн карта, слайд презентациялар және т.б.

6

Масштаб өзгерту

Мүмкіндік жоқ

10-400%

7

Кері байланыс

Авторды табу қиындықтар туғызады, едәуір уақыт жоғалады, географиялық шектеуге ие

Авторды табу қиындықсыз, уақыт үнемдейді, географиялық шектеуге ие емес

Жоғарыда аталып кеткен веб-сайт немесе портал шежіренің артықшылықтарын ескере отырып, кез келген қазақтың баласына айтарым, өз ата-бабаңызды тарих бетіне қалдыруды мақсат етулеріңіз керек. Біріншіден, ата-баба әруақтарының ризашылығын аласыздар, екіншіден артыңыздан өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа білім, оларға өмір-бақи қалатын тарихи мұра. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз болашақ ұрпағымыздан аулақ болғай.

Бірінші болып жұмыс істей бастаған портал шежіре ол «Қоңырат Жетімдер» портал шежіресі. Портал 2016 жылдың 1-ші мамырында ресми түрде ашылып жұмыс істеп жатыр. Портал шежіре бүкіл «Жетімдер» руының ұрпақтарының басын қосқан және порталда өздерінің басты бетте «Жаңалықтар» деген бөлімі бар. Осы секілді электронды портал шежіре жасауға тапсырыс берушілер болса, 8708-777-23-47 ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар.