Қоңырат Жетімдер руының шежіресі - Масанұлы Әлімбек

Масанұлы Әлімбек (шежіредегі орны) – 1916 жылы Шәуілдір ауданында дүниеге келді, ол – әкесінің үшінші ұлы болды. Алғашқы білімдерін Шәуілдір ауданы Түркістан қаласында алды. Ол 1935-1938 жылдары Әулие атада (Жамбыл қаласы) статикалық есептеу техникумын бітіріп, Шәуілдер ауданына қызмет атқарады. Соғыстың басталуына байланысты Әлімбек 1941 жылы әскерге алынып, соғыстың аяғына дейін артиллерияда болады. Соғыс кезіндегі ерен еңбектері үшін орден-медалдармен марапталып, партия мүшелігіне өтеді. 1945 жылы әскерден оралып, Шәуілдір ауданының атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарады.
    Масанұлы Әлімбек 1947-1948 жылдары Алматының екі жылдық заңгер мектебін тікелей оқып, ойдағыдай бітіргенсін Георгиев ауданының прокуратурасына тергеуші (1948-1951 ж.), 1951 ж. Сарағаш ауданы прокуратурасының тергеуші қызметін атқарады. Сол жылы ол САГУ-дың заң факультетін сырттай оқуға түседі.
    Ол,1951 жылдың қараша айында Қызылқұм ауданының прокуратурасына тағайындалады. Ол 1954-1955 жылдары Киров және Қызылқұм аудандарының біріккен прокуратурасының прокуроры қызметін атқарады.
    Масанұлы Әлімбек – 1956-1959 жылдары  Шаян ауданының прокуроры қызметін атқара жүріп, сол жылдары САГУ-ді ойдағыдай бітіреді. Ол 1959-1962 жылдары – Түркістан ауданының прокурорының көмекші және тергеуші қызметін атқарады. Сол кездердегі прокуратураның тергеу саласын ішкі істер министрлігіне біріктіруіне байланысты майор шеніндегі ол Шәуілдір ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары болып қызметке ауысады. Аталған қызметте зейнеткерлікке дейін қызмет атқарады. Сонымен қатар, біршама уақыттары зейнеткерлік кезедерінде адвакатура саласында еңбек етеді. 
Масанұлы Әлімбек ОҚО белгілі заңгер қызметкері болды. Ол кісі арнаулы комиссия мүшелігіне енгізіп, басқада облыстарда тексеру істеріне тікелей араласады.  Масанұлы Әлімбек–1996 жылы Шәуілдір ауылында дүниеден озды. 
Масанұлы Әлімбек –  үш ұлдың, алты қыздың әкесі. Балаларының барлығы жоғары білім алды. Айталық, Жолан – метиматика саласында, Хамзе – инженер-электрик, Сәуле – физика-матиматика (институт сейсмология саласында), Раушан – инженер-байланыстырушы, Күлайхан – инженер-байланыстырушы, Сұлтан – инженер-байланыстырушы, Сұлухан – дәрігер, Гүлжан – дизайнер-тігінші, Шырынай – санэпидемиолог ипистанция слаласында маманданып, қызмет атқаруда.